Жаужұмыр сасыр () — шатыршагүлділер тұқымдасының сасыр туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның батыс, солтүстік облыстарында, Балқаш — Алакөл аймағында, Бетпақдалада, шөлді және шөлейт жерлердің сазды топырақты жерлерінде өседі. Биіктігі 15—30 см. Тамыры жұмыр, жіңішке сабақтары тармақталып бұтақталған. Бұтақтары кезектесіп орналасады. Жапырақ тақтасының жиегі терең ойықталған, төрт тілімделген қауырсын тәрізді. Сары гүлдері күрделі шатыр гүл шоғырын құрайды. Маусымда гүлдейді. Шілде айында жемістенеді. Жемісі — тықыр дән. Ж. с-дың тамырында хош иісті шайыр, эфир майы, крахмал болады. Шайырынан медицинада дәрі алынады. Жапырағы мен жемісінен малға азық дайындалынады.Жетісу энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Шатыршагүлділер