Әбу Әли Ахмед ибн Мискавейх, Әбу Әли Ахмед ибн Мұхаммед ибн Мискавейх (932, Иран — 1030, Исфахан) — араб тілінде жазған тарихшы, философ, ғалым.
Өмірбаяндық деректері бізге жетпеген.
“Китаб тәджәриб әл-умам” (“Халықтар тәжірибесі жөніндегі кітаптар”) атты 6 томдық тарихи шығарма жазған.
Тәджәриб ат-Табари жазған дәуір мен 983 ж. аралығындағы тарихи кезеңге арналған аса құнды осы тарихи шығармада атақты парсы билеушілері — Аббас әулетінің ішкі-сыртқы саясаты, әкімшілік жүйесі, экономикасы туралы баяндалады. Сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Орталық Азия халықтары, оның ішінде түркі тайпалары жөнінде деректер келтіріледі. Бұл мағлұматтар аталған елдердің ортағасырлық тарихын жазуда кеңінен пайдаланылды. Шығарманы ағылшын шығыстанушысы Л. Каэтани 1909 — 19 ж. жарыққа шығарды.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Дереккөздер
Санат:932 жылы туғандар Санат:1030 жылы қайтыс болғандар Санат:Исфаһанда қайтыс болғандар Санат:Араб тарихшылары Санат:Араб философтары Санат:Ислам философтары Санат:X ғасыр тарихшылары Санат:Парсы философтары