Көркем ақжапырақ () – астралылар, ақжапырақ туысына жататын көп жылдық өте сирек кездесетін эндемик өсімдік. Таралу аймағы Қаратаудың Жолсай қонысында таудың тасты шатқалдары мен құздардың жарылған жерлерінде өседі. Биологиялық сипаттамасы left|200 px Биіктігі 15 – 45 см, өсімдікті қалың түк жауып тұрады. Сүректенген тамырының топырақ бетіндегі бөлігін қалың тамыр түбінен шығатын жапырақшалары жауып жатады. Сабағы тік, көп жапырақты. Сабақ бойындағы жапырақтары ұзын сағақты, сопақша, ланцет тәрізді болады. Қанық қызғылт гүлі дара себет гүлшоғырында жетіледі. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – тұқымша, оның қысқа қылшықты айдаршасы болады. Көркем ақжапырақ – гүлі өте әдемі сәндік өсімдік. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том Дереккөздер Красная книга Казахстана, А.-А., 1981.
Сілтемелер
Сыртқы сілтемелер Наголоватка превосходная
Санат:Күрделігүлділер