Паоло Чезаре Мальдини (26 маусым 1968 жыл, Милан) — аты аңызға айналған итальян футболшысы. Италия құрамасы мен «Милан» футбол клубының көп жылдан бергі капитаны болған ойыншы. Футболшы әрі жаттықтырушы Чезаре Мальдинидің ұлы.

Мансабы Балалық шағында әкесі секілді "Миланның" футболшысы болуды армандады. Ол арманына балалық шағында-ақ қол жеткізді, 1985 жылға дейін "Миланның" жастар командасының мүшесі болды.

1985 жылы 20 қаңтарда 16 жасында "Удинезеге" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Осылайша А сериясындағы ең жас ойыншы боп тарихта қалды, ол рекорд осы күнге дейін өзгерген жоқhttp://www.championat.com/football/article-29056-obmanuvshij-vremja.html .

Келесі жылы-ақ негізгі құрамға берік орнығып үлгерді, Мальдинидің "Миландағы" карьерасы 2009 жылға дейін жалғасты. 1997-2009 жылы клубтың капитаны боп алаңға шығып жүрді.

2009 жылы 31 мамырда сырт алаңда "Фиорентинаға" қарсы ойында футболшылық карьерасындағы соңғы ойынын өткіздіhttp://www.gazzetta.it/Calcio/SerieA/Squadre/Milan/Primo_Piano/2009/05/31/Maldini%20tutte%20le%20partite.pdf.

2011 жылы қаңтар айында клуб тарапынан оған маусым соңына дейін жарақат алған қорғаушылардың орнына клубта ойнауға ұсыныс түсті, бірақ отбасымен ақылдаса келе Мальдини бас тартты.

Мальдинидің құрметіне клубтағы 3-нөмірлі жейде мәңгі бекітілді, бірақ Мальдинидің ұлдары клубта ойнай қалса, соларға берілетін болды.

Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 1988 жылы наурыз айында Югославияға қарсы өткізді.

2002 жылғы әлем чемпионатына қатысты да, турнир біткен соң құрамадағы карьерасына нүкте қойды.

2019 жылы жазда "Миланның" клубтық директоры боп тағайындалды.

Жетістіктері

Командалық «Милан»

Италия чемпионы (7): 1987/88, 1991/92, 1992/93, 1993/94, 1995/96, 1998/99, 2003/04 Италия кубогы: 2002/03 Италия суперкубогы (5): 1988, 1992, 1993, 1994, 2004 Чемпиондар лигасы (5): 1988/89, 1989/90, 1993/94, 2002/03, 2006/07 УЕФА суперкубогы (5): 1989, 1990, 1994, 2003, 2007 Клубтар әлем чемпионаты: 2007 Құрлықаралық кубок (2): 1989, 1990

Италия

ЕУРО-1988 қола жүлдегері ӘЧ-1990 қола жүлдегері ӘЧ-1994 күміс жүлдегері ЕУРО-2000 күміс жүлдегері

Жеке

Мыңнан аса ресми матчта ойнады Италия чемпионатында 647 матчта алаңға шықты (рекорд)http://books.google.com/books?id=HcbcDgAAQBAJ&pg=PA192. Чемпиондар лигасының финалындағы ең жылдам голдың авторы (2005 жылы "Ливерпульдің қақпасына, 52-секунд) ФИФА 100 тізіміне енген Италия футболының құрмет залына енген : 2012 Барлық уақыттағы символикалық құрамаға енген.

Дереккөздер

Сыртқы сiлтемелер Омiрбаян Статистика Профиль sportbox.ru сайтада

Санат:26 маусымда туғандар Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары