Эндрю Джон Леонард Флетчер (Флетч) (ағылшынша Andrew John Leonard Fletcher) – Depeche Mode тобының пернетақташысы, басисті. 1961 жылы 8 шілдеде Англияның Ноттингемінде дүниеге келген.

Топтағы музыкалық міндеттерінен бөлек, бір кездері ұжымның қаржылық жағын да меңгерген тәжірибесі бар.

«Флетч» лақап аты бар Эндрю Флетчер Винс Кларкпен бір мектепте оқыған. Екі дос музыкаға қызығушылық білдіріп, бірге құрған тобына Мартин Горды шақырады. Кейіннен бұл топқа Дэйв Гэан қосылады.

Энди бос уақытында ермек қылатын істерін айта кетсек, олардың қатарында тарих, саясат, кітап, журнал, газет оқу бар. Олардан бөлек, Флетчер футбол жанкүйері болып табылады. Сүйікті командасы – әрине, Англия құрамасы мен лондондық «Челси».

Отбасы жағдайы – жары Граниямен, қызы Меган мен ұлы Джозеф есімді балалар тәрбиелейді.

Санат:8 шілдеде туғандар Санат:1961 жылы туғандар Санат:XX ғасырдағы Англия музыканттары Санат:XXI ғасырдағы Англия музыканттары Санат:Depeche Mode музыканттары Санат:Англия электронды музыканттары Санат:Англия жаңа толқын музыканттары Санат:Англия продюсерлері Санат:Англия рок-бас-гитаристері Санат:Англия рок-клавишниктері Санат:Тірі адамдар Санат:Ноттингем тұлғалары Санат:Ұлыбритания синти-поп жаңа толқын музыканттары Санат:Ноттингемшир музыканттары