thumb|200px|right|Септуагинта: Ватикан кодексінің («Codex Vaticanus») мәтінінің бір бағанасы.

Септуагинта — көне еврей тіліндегі Киелі кітаптың койне грек тіліне аудармасының атауы. Ол кейде қысқартылып «LXX» деп аталады. Бұл аударма бөлім-бөлім болып б.з.д. 3-1-ші ғасырларда Алексндрия қаласында жасалған. Karen Jobes and Moises Silva, ''Invitation to the Septuagint ISBN 1-84227-061-3, (Paternoster Press, 2001). - The current standard for Introductory works on the Septuagint. Септуагинтаға Еврей Киелі кітабына кірмейтін кейбір басқа да жазбалар кіреді.

Септуагинта — Еврей Киелі кітабының еврей тілінен Ескендір Зұлқарнайынның (б.з.д. 356-323 жж.) заманынан бері Жерорта теңізінің шығыс бөлігінің ортақ тіліне айналған грек тіліне жасалған бірнеше аудармаларының ең ежелгісі. «Септуагинта» сөзінің мағынасы «жетпіс»«The Canon Debate, McDonald & Sanders editors» деген кітаптың 72-ші бетінде тағы мынадай дерек келтіріледі: «Алайда Гиппондық Аугустинның заманында ғана (354-430 жж.) яһуди киелі жазбаларының грек тіліне аудармасы латын тілінің «Септугинта» деген сөзімен атала бастады. Өзінің Құдайдың қаласы 18.42 деген шығармасында Аугустин Аристеастың хатын келтіреді де, мынадай бір түсініктеме қосады: «Солардың аудармасын енді Септугинта деп атау әдетке еніп бара жатыр». Алайда оның неге себеппен солай аталғаны туралы түсіндірмейді.» деген сөзді білдіреді, олай аталу себебі, аңыз бойынша, осы еврейшеден грекшеге аударманы ІІ-ші Птолемей Филадельфостың кезінде (б.з.д. 285–246 жж.) жетпіс еврей ғалымы жасаған.Letter of AristeasJennifer M. Dines, The Septuagint, Michael A. Knibb, Ed., London: T&T Clark, 2004

Көптеген протестант Киелі кітаптарында яһуди Киелі кітабының үлгісімен Септуагинтадағы қосымша кітаптар шығарылып тасталған. Рим католик Киелі кітаптарында солардың кейбіреулері сақталып қалған, ал Шығыс ортодокс шіркеуі Септуагинтадағы жазбадардың бәрін қабылдайды.

Септугинта көне замандарда өте жоғары бағаланған, Филон мен Йосефус Септугинта аударылғанда, оның аудармашыларын Құдайдың өзі жетелеп отырған деген пікір ұстанған. Көне латын аудармасымен бірге Септуагинта Киелі кітаптың көне славян тілі, сүрияни тілі (бірақ Пешиттаның емес), көне армян тілі, көне гүржі тілі және копт тіліндегі аудармалардың негізі болып табылады. Ernst Würthwein, The Text of the Old Testament, trans. Errol F. Rhodes, Grand Rapids, Mich.: Eerdmans, 1995. Септугинтаның (LXX) мәсіхшілер үшін де маңызы зор, себебі Жаңа келісімде және елшілік әкелердің шығармаларында содан көптеген үзінділер келтіріледі. Яһудилер 2-ші ғасырдан бері Септугинтаны қолдануды мүлдем тоқтатқан болса да, қазіргі кезде ғалымдар тарапынан оған деген қызығушылық біршама жандануда. Өлі теңіз кітаптарының кейбіреулері масореттік мәтіннен басқа мәтінге негізделгенін көрсетеді. Көп жағдайда осы жаңадан табылған еврейше мәтіндер Септуагинтаға көбірек ұқсас болып отырады. LXX-тың сақталып отырған ең көне қолжазбалары (Ватикан және Синай кодекстері) 4-ға жатады.

Кітаптарының кестесі

LXXLXX транслитерациясы немесе аудармасыАғылшын тіліндегі атауларыLawGénesisGenesisÉxodosExodusLeuitikónLeviticusArithmoíNumbersDeuteronómionDeuteronomyHistoryIêsous NauêJoshuaKritaíJudgesRoúthRuthI ReignsI SamuelII ReignsII SamuelIII ReignsI KingsIV ReignsII KingsThings Omitted IThat is, supplementary material for ReignsI ChroniclesThings Omitted IIII ChroniclesI Esdras1 Esdras;II EsdrasEzra-NehemiahEsther Esther with additionsIoudithJudithalso called Τωβείτ or Τωβίθ in some sources.TobitTobit or TobiasI Maccabees1 MaccabeesII Maccabees2 MaccabeesIII Maccabees3 MaccabeesWisdomPsalmsPsalmsPsalm 151Psalm 151Prayer of ManassehPrayer of ManassehIōbJobProverbsProverbsEcclesiastesEcclesiastesSong of SongsSong of SolomonWisdom of Solomon WisdomWisdom of Jesus the son of SeirachSirach or EcclesiasticusProphetsThe TwelveMinor ProphetsI. OsëeHoseaII. ÄmōsAmosIII. MichaiasMicahIV. Ioel JoelObdiou is genitive from "The vision of Obdias," which opens the book. V. ObdiasObadiahVI. IonasJonahVII. NaoumNahumVIII. AmbakumHabakkukIX. SophoniasZephaniahX. ÄngaiosHaggaiXI. ZachariasZachariahXII. MessengerMalachiHesaiasIsaiahHieremiasJeremiahBaruch BaruchLamentationsLamentationsEpistle of JeremiahLetter of Jeremiah;IezekiêlEzekielDaniêl Daniel with additions AppendixIV Maccabees4 Maccabees

Сілтемелер

Тағы қараңыз Альфред Ральфс — Септуагинтаның кең тараған нұсқасының редакторы. Құжаттық болжам — көне еврей тіліндегі Таураттың құрастырылу тарихын зерттейді. Құмыранда табылған Танах — Өлі теңіздің маңындағы үңгірлерден табылған кітаптар LXX-тың куәгерлері бола алады.

Сыртқы сілтемелер Жалпы

Септуагинта институты Септуагинтаның толық грамматикалық талдауы

Санат:Аударма Санат:Киелі кітап аудармалары