Алапа (алафа) — Тұрақты қызметтегі әскердің ат-көлігіне хан, мемлекет тарапынан беріліп отырған азық. Халықтан салық түрінде жиналған. Көшпелі оғыздарда, Салжұқ мемл-де тұрақты әскерге бөлінетін азық-түлік “алафа-улафа”, әскер жалақысы “нафака” деп аталды. Қазақ ауыз әдебиетін де Алапа сөзі азық мағынасында қолданылған. Бұл сөздің тілімізде сақталуы ежелгі қазақ елінде де тұрақты әскерге мемл. азық-түлік беріп отырғанын көрсетеді.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Олжа, пайда, табыс. “Егін жақсы шықса, халыққа үлкен алапа” (мәтел). Ерте заманда жаудан түскен олжа “алапай”аталған. Алапа сол көне ұғыммен түбірлес. Пара, алым, ауыз бастырық. “Алапаға қызықпа” дейді халық. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 Ескі әдет-ғұрып бойынша берілетін кәделі сыйлық, жөн-жоралғы. Бұрын қыз ұзатқанда күйеу қосшыларынан әйелдер Алапа алатын кәделік салт болған.

Дереккөздер

Санат:терминология