Ұнаққұм, Уаққұм – Бозащы түбегінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі төбешікті-қырқалы құмды алқап.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Түпқараған және Маңғыстау аудандары жерінде, Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Қошақ шығанағының солтүстігінде 7 км жерде доғаша созылып жатыр.
Жер бедері Теңіз деңгейінен 22,6 м төменде, ауданы 240 км2, 5-6 м тереңдікте кездесетін грунт суының минералдығы 3-22 г/л. Шығысының көтеріңкі жерлерінде Қияқты, Тұщықұдық ауылдары орналасқан. Құм ішінде бірнеше құдықтар (Ақши, Қожамқұл, т.б.) қыстаулар мен құмды төбелер (Шөлшағылқұм, Қызылқұм, т.б.) кездеседі.
Өсімдігі Құмда жусан, жүзгін, еркекшөп, сораң шөптер өседі."Қазақ энциклопедиясы", 9 том
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау облысы құмдары