Биғаш — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Биғаш ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Көкпекті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км-дей, Жаңғызтөбе темір жол станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 155 км-дей жерде орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен823 592 334 56,4 312 184 59 280 150 53,6
Тарихы Іргесі 1916 жылы қаланған. 1929 жылы “Екпін” ұжымшары болып біріктірілді. 1930 жылы “Гигант” кеңшарының құрамына кірді. 1943 жылдан бастап “Көкпекті” етті-сүтті ірі қара мал кеңшарының орталығы болды. 1995 жылы “Биғаш” серіктігі құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, амбулатория бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Көкпекті ауданы елді мекендері