thumb|right|250px|Биназар батыр кесенесі. 1994 жыл. Биназар Ақеділұлы (шамамен 1802, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы — 1860, сонда) — батыр.

Ұлы жүздің дулат тайпасының шымыр руынан. Қоқан хандығына қарсы күресте Сыпатай батырдың сенімді серігінің бірі болған. Жасы ұлғайған шағында Шу өзеніне тоған салып, ауылын егіншілікпен айналысуға баулыған. Биназар батырдың бейіті Хантау қыратының Сұңқар деген шоқтығында орналасқан.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том thumb|middle|250px|Сұңқар тауы мен Биназар батыр ғұрыптық кешенінің оңтүстік көрінісі. Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Биназар батыр

Санат:1802 жылы туғандар Санат:Мойынқұм ауданында туғандар Санат:1860 жылы қайтыс болғандар Санат:Мойынқұм ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақ батырлары