Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы - 9 қараша, 2014, Алматы) — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.
Өмірбаяны Арғын тайпасы Қуандық руының Ағыс бұтағынан шыққан.http://www.enu.kz/ru/press-center/daidjest/35725/ https://www.zakon.kz/4702701-shutka-chto-vse-kazakhi-prikhodjatsja.html Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді. Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды. Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады. Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралады. Соғыстан соң әскери әуе академиясын аяқтайды. Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады. 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады. 1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.
Қоғамдық қызметі КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте депутаты болып сайланады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том right|thumb|230px|Жеңістің 64-жылдығы мерекесінде, Алматы.
Марапаттары КСРО: Алтын Жұлдыз медалі Кеңес Одағының Батырлары № 4619 Алтын Жұлдыз медалі Кеңес Одағының Батырлары № 6554 Ленин ордені Қызыл Ту ордені (2 мәрте - 1943, 1944) Александр Невский ордені I-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені (2 мәрте - 1944, 1985) II-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені (1943) Қызыл Жұлдыз ордені III дәрежелі Даңқ одені Медалдары Қазақстан: Отан ордені (2007)Отанымыздың асқақ марапаттары I-дәрежелі Даңқ ордені «Астанаға 10 жыл» медалі (2008)
Шығармалары «Илы атакуют» — Алматы: Қазақстан, 1966. «Пике в бессмертие» — Алматы: Жазушы, 2000. — ISBN 5-605-01716-0 «305 рейдов» — Фрунзе, 1966.
Талғат Бигелдинов туралы шығармалар С. Морозов. «Дважды Герой Советского Союза Т.Я. Бегельдинов» (Москва, 1948) С. Бакбергенов. «Талғат» (1950) «Талғат Бегельдинов» (1965) «Отан үшін от кешкен» (1985) А. Сергеев. «Звездное небо Талгата» (1997) А.Н. Бедельбаев «Тринадцатый, на взлет» . – 1-2 т. Повесть о Бегельдинове Т.Я. ( 2004) К. Абенов. «Великая Отечественная война в моей жизни: 60 лет спустя» (2008) Б. Омарұлы. «Жүректiң көзi» (2011)http://www.nlrk.kz/page.php?page_id=57&lang=2&news_id=1650 қарақат
Талғат Бигелдинов туралы фильмдер 2014 — «Әуеге көтерілу» — РОО «Генералдар кеңесі».
Естелік 2021 жылдың 8 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында батыр жауынгерге ескерткіш орнатылды. Талғат Бигелдиновтің бюсттері Ақтөбеде, Көкшетауда, Бішкекте және Мәскеудегі Ұлы Отан соғысына арналған Орталық мұражайында сақтаулы тұр. Астана қаласының №1 мектеп-лицейі, Талғат Бигелдинов атына ие.
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме www.warheroes.ru
Санат:Ұлы Отан соғысы ұшқыштары Санат:Екі дүркін Кеңес Одағының батырлары Санат:II Дүниежүзілік соғысы Қазақстан ардагерлері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан әскерилері Санат:КСРО әскери ұшқыштары Санат:КСРО генерал-майорлары Санат:Жеңіс шеруіне қатысушылар Санат:Қазақстан мемуаршылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Кеңсай зиратында жерленгендер