Әділов Байсейіт (1887 жыл, бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі - 1928 жыл, Сарысу ауданы) - қазақтың қоғам қайраткері.

Ақмоладағы бастауыш училищені Омбы мұғалімдер семинариясын бітірген.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Омбыда, Ақмола уезінде және болысында кеңселерде хатшылық қызмет атқарған. “Ақ Байсейіт” атанып, ел-жұртына беделді болды. Ауыл балаларын мектепке тарту ісінде көп еңбек етті. 1917 жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитетінің мүшесі болып сайланды. “Жас қазақ” ұйымын құрушылардың бірі. 1917 - 1918 жылдар аралығында Ақмолада Кеңес өкіметін орнатуға қатысып, уездік депутаттар Кеңесінің алғашқы құрамына мүше, уездік милиция бастығы болды. 1918 жылдың жазы мен күзінде ақгвардияшылар тұтқынға алды. 1920 жылы қазанда Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болып сайланды. Кейінірек, Кеңес өкіметінің әділетсіз саясатына наразылық білдіргені үшін қызметінен қуылып, тұтқынға алынды. Абақтыдан босатылғанымен 1928 жылы желтоқсанда бұрынғы Сырдария округі, Сарысу ауданы ОГПУ жасағында тағы да тұтқындамақ болған әрекеті кезінде қарсылық көрсетіп, оққа ұшты.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7

Дереккөздер

Санат:1887 жылы туғандар Санат:Ақмола уезінде туғандар Санат:1928 жылы қайтыс болғандар Санат:Сарысу ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Қазақстан Орталық атқару комитетінің мүшелері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар