Бөлек — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Бөлек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Есік қалысынан солтүстікке қарай 4 км-дей жерде, Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі қоңыржай агроклиматты белдемде орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен22244355 3535 81,2 2139 1704 79,7 2216 1831 82,6

Кәсіпорындары Бөлекте Есік шарап зауыты, “Шырын” серіктестігі, шаруа қожалықтары мен кооперативтер жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том.

Дереккөздер

Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері