thumb|300px Флейта (, ) — үрлемелі музыкалық аспап.

Флейтаның пайда болған жері Азия деп саналады. Алғашында халықтардың ұлы қоныс аударуы, кейінірек крестшілдер жорығы кезеңінде Еуропаға тараған. 15-17 ғасырларда флейта аспабы әбден жетіліп, өзінің шырқау биігіне жетті. Ол ағаштан немесе жезден жасалды.Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Осы заманғы музыканттар үш бөліктен тұратын флейтаныны пайдаланады; ұзындығы 68-ден 72 см-ге дейін, 16 — 18 ойығы бар. Флейтаның түрлері: кіші флейта немесе ф-пикколо Флейта-альт Флейта-бас; үлкен Флейта флейта-пикколо (негізгі тоны — “до” Флейта-альт (негізгі тоны — “соль” кейде “фа” болып келеді).

Флейтаның дыбыс көлігі 3 1/2 октава. Флейта симфониялық оркестрде, джаз, әскери үрлемелі оркестрде де қолданылады, сондай-ақ жеке де (соло) ойналады. Флейтаға арнап Йоганн Себастиан Бах, Г.Ф. Гендель, В.А. Моцарт, Л.Бетховен, А.А. Алябьев, т.б. композиторлар көптеген шығармалар жазды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Флейта