Франко баға — өнімді тапсырыс берушіге жеткізуге байланысты көлік шығынының орнын толтырудың көзделген тәртібін ескере отырып белгіленген көтерме сауда бағасы.
Өнім жеткізілетін ақырғы бекетпен бірге таңбаланған жағдайда термин: сатып алушы осы бекетке дейін тасымалдау шығынынан босатылады‚ ал бұл шығынды жеткізуші мойнына алады деген мағынаны білдіреді. Мұндай бекет вагон‚ қойма‚ кеме борты‚ темір жол стансасы‚ мемлекеттік шекара‚ нақты аталған елді мекен болуы мүмкін. Сыртқы сауда мәмілесінде көлік шығынына сақтандыру шығыны‚ т.б. қосылады."Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Дереккөздер
Санат:Сауда Санат:Баға