Бостандық ескерткіші () — Солтүстік Америкадағы ағылшын иелігіндегі жерлердің азаттық күресіндегі Франциямен болған одақтастыққа ескерткіші ретінде Францияның АҚШ-қа тартқан сыйлығы.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Ескерткіш тарихы Алып мүсінді жасау туралы ойды француз мүсіншісі Ф.А. Бартольди ұсынған. 1871 жылы Нью-Йоркке сапарында Бартольди кеме қалаға жақындаған кезде Белдоу аралындағы жұлдыз сипатты бекіністі көріп, болашақ мүсін ескі бекініс үстінде алау көтерген әйел бейнесі болады және ол «Әлемді сәулелендірген Азаттық» деп аталуға тиіс деген ойға келген.

Француздар мүсінді, ал америкалықтар оның тұғырын жасауға келісті. Мүсінді Бартольди жасады, металл қаңқасын Г. Эйфель құрастырды, бет-бейнесіне мүсіншінің анасы Шарлотта Бартольди үлгі болды. 1884—1886 жылдарда мүсін дайын болды. Ескерткіш 1886 жылы 28 қазанда Нью-Йорктегі Бедлоу аралында ашылды. Мүсіннің биіктігі 46.5 м, тұғыры 46.94 м, жалпы салмағы 225 т. Әйел мүсінінің басына 7 шабағы бар тәж кигізілген, оң қолына алау көтерген, сол қолында заңдар кітабы бар, ол кітапта АҚШ-тың тәуелсіздік күні жазылған. 1903 жылы мыс табақша жапсырылды, онда Э. Лазарустың дастанынан үзінді берілген. Тәждегі шабақтар 7 теңіз бен 7 құрлыққа жарқырап төгілген сәулені білдіреді. Мүсін әуелде боялмаған еді, кейін мыстың қышқылдануы нәтижесінде ол жасыл түске енді. Мүсін тұғырының ішінде АҚШ-қа иммигранттардың келу тарихы және осы ескерткіштің құрылысы туралы мәліметтер беретін мұражай бар. Мүсін азаттықтың белгісі ретінде ұлттық ескерткішке айналған.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Statue of Liberty National Monument The official Historical Site handbook. StatueOfLiberty.info All about the Statue of Liberty—French—English. PBS documentary about statue of liberty Statue of Liberty-Ellis Island Foundation Fun facts, children's picture contest, and other information on the foundation. Statue of Liberty Facts The Statue of Liberty article by Alexandra Kollontay, 1916. Historical Information and Photographs A Palestinian version of the Statue of Liberty on the cover of "This Week in Palestine" (Ramallah), No. 95, Наурыз 2006 Gallery Images of the Statue of Liberty

Санат:Нью-Йорк ескерткіштері Санат:АҚШ мүсіндері Санат:АҚШ шамшырақтары Санат:АҚШ тарихы Санат:Нью-Йорк мұражайлары Санат:АҚШ дүниежүзілік мұрасы Санат:АҚШ ұлттық ескерткіштері Санат:Үлкен мүсіндер Санат:Неоклассицизм