Блиндаж ( — бастырма бүркеніш), жертөле — жекелеген шағын құрамды топтарды (4 — 8 адам) оқтан, оттан, снаряд жарықшақтарынан, миналардан, жанғыш заттардан, сондай-ақ, ядролық жарылыстардың зақымдаушы факторларынан қорғайтын далалық жабық құрылыс.
Блиндаждың панажайдан айырмашылығы — мұнда химиялық қарулардан ұжымдық қорғаныс шаралары көзделмеген. Блиндаж сол жердегі жергілікті материалдардан (бөренелерден, бұталардан, сырықтардан, топырақтан) темір конструкциялар мен құрастырмалы темірбетон элементтерінен, топырақ салынған қапшықтардан, т.б. жасалады.“Қазақ Энциклопедиясы”,II-томҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ, 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс Санат:Құрылыстар
en:Blindage fr:Blindage