Флорида бұғазы — Флорида түбегі, Куба және Багам аралдарының аралығындағы бұғаз.
Мексика шығанағы мен Атлант мұхитын жалғастырады. Ұзындығы 651 км, ең енсіз жері 80 км-дей, фарватеріндегі (кеме жүзе алатын арнасындағы) тереңдігі 150 м-ден 2085 м-ге дейін. Флорида бұғазынан Гольфстрим жылы ағысы басталады. Порттары: Гавана (Куба), Майами (АҚШ).“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Мексика шығанағы Санат:Атлант мұхиты бұғаздары Санат:АҚШ бұғаздары Санат:Флорида географиясы Санат:Куба бұғаздары