Ақдала — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Ақдала ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылының солтүстік-батысында 3 км жерде, Іле өзенінің оң жағалауында қуаң агроклиматтық белдемде жатыр.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен17821761 1886 107,1 892 955 107,1 869 931 107,1
Тарихы 1974-1997 жылы аралығында күріш өсіретін "Ақдала" кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Ақдалада 1997 жылы "Өгес-Ақдала" фермерлік шаруашылық құрылды.
Инфрақұрылымы Елді мекенде орта мектеп, клуб, дәріхана бар. Ақдала тұрғындары Бақанас ауылы мен автомобиль жолы арқылы байланысады.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Балқаш ауданы елді мекендері