Монацит (грек. monazo – жалғызбын) – фосфаттар класының минералы. Химиялық формуласы: (Ce, La ...) [PO4]. Минералдың құрамына қоспа ретінде Th, Sі, U, Ca, S, Mg, Mn, Pb, Fe, Al кіреді. Бұлардың ішіндегі құндысы – торий тотығы (ThO2). Моноклиндік сингонияда кристалданады. Монацит атына сай дара, пішіні призмалы кристалдар түзеді. Минералдарының түстері сарғыш, қоңыр, қызғылт қоңыр, жылтырлығы шыны тәріздес, жымдастығы бір бағытта жетілген; қатты Моос шкаласы бойынша – 5,5, тығыздығы 4,9 – 5,5 г/см3, көбінесе радиоактивті. Монацит гранит пегматиттерінде, кейде гидротермальдық доломиттер желілерінде циркон, апатит, магнетит, турмалинмен бірге шоғырланады; граниттер мен гнейстердің шайылуынан түсетін өзендік және теңіздік шашылымдардан өндіріледі; церий мен торийді өндіріп алуда қолданылатын шикізат. Кендері Бразилияда, Үндістанда табылды. Қазақстан (Мұғалжар, Алтай, Сарыарқа) интрузияларында, титан-циркон қорымдарында Монацит көптеп кездеседі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.

Оптикалық оңқай, 2u = 11 — 14°, Ng =1,837 (1,849), Nm = 1,787 (1,801); Np =1,785 (1,800).

Кристалдық бейнесі призма немесе таблетка тәрізді жұқа болады. Қоспақтары көбінесе ұсақ кристалды түрде кездеседі. Кейде ірі кристалдары да (біриеше килограмм) болады.

Жаратылысы Монацит петматитте, сонымен қатар гранит және гнейс ішінде (дала шпатымен немесе цирконмен бірге) кездеседі. Кейде оның гидротермалық доломит желісінде магнетитпен бірге кездескен жерлері де бар. Монацит берік минерал болғандықтан құмға айналып, шашыранды кен құрайды. Монацит өте құнды сирек элементтер алуға қолданылады. Әсіресе церий сияқты техникаға өте керекті металл осы минералдан алынады. Сонымен қатар торий элементін де осыдан айырып алады.Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69

Дереккөздер

Санат:Торий минералдары Санат:Церий минералдары Санат:Самарий минералдары Санат:Лантан минералдары Санат:Празеодим минералдары Санат:Неодим минералдары Санат:Иттрий минералдары