Үшкөл – Жетісу облысының Қаратал ауданындағы ағынсыз көл. Молалы темір жолы стансасынан солтүстік-батыста, Жалқұм мен Үшкөл құмы аралығында, Үшқара тауының солтүстік-шығыс беткейіндегі төбеаралық құмды ойыста жатыр.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен биіктігі 359,9 м. Ауданы 9,49 км2, ұзын 4,2 км, ені 3,0 км, тереңдегі 6 м, жағалық сызығы 11,2 км. Су жиналатын алабы 2500 км2. Жағалауы жайпақ, құмды, қамыс, құрақ жайлаған. Түбіндегі лай қабаты 0,2 м. Негізінен жауын-шашын және Ақешкі (өзен) өзені суымен толығады. Сонымен бірге Ақсу өзенінен канал арқылы су құйылады. Көп жылдық су деңгейінің тербеліс ауқымы 1,5-2 м. Желтоқсанда қатып, наурыздың 1-жартысында мұзы түседі. Балық, батпақты-сулы жерлерін құстар мекендейді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қаратал ауданы көлдері