Ефремовка — Павлодар облысы Павлодар ауданындағы ауыл.
Географиялық орны Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде, Павлодар - Қарасуық автомобильді магистралінің бойындағы қылқан селеу, боз, бетеге, көде өскен қызыл қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14541090 1134 104 517 578 111,8 573 556 97
Тарихы Іргесі 1905 жылы қаланған. Шаруа Ефрем Мельниченконың есімімен “Ефремовка” деп аталды. 1930 жылдың басында мұнда коммуна, 1931 жылы оның негізінде ұжымшар және МТС ұйымдастырылды. 1960 жылы тың жерлерді игеруге байланысты “Ефремовский” шошқа өсіру кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді.
Ефремовкада май зауыты, орта мектеп, клуб, дәрігерлік-амбулаторлық пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобильді жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Павлодар ауданы елді мекендері