Vimeo () — 2004 жылдың қараша айында Джейк Лодвиг пен Зак Кляйн құрған ақысыз бейне хостинг. Сайт IAC (InternetActiveGroup) қарамағында. Сайтта жетісіне 500 мегабайттан аспайтын видео орналастыруға болады (егер аккаунт ақысыз болса). Сайтты ағылшын және испан тілінде қолдануға болады. 2010 жылы Vimeo «Ең жақсы қауымдастық» номинациясында 14th Annual Webby Awards марапатын алды.
Аталу себебі Сайттың атауын Лодвиг ойлап тапқан: атау «video» сөзінен шыққан, тек «d» әрпі «m» әрпіне өзгертіліп, ағылшынның «video» және «me» () сөзінің гибридіне айналған. Сонымен қатар «vimeo» сөзі «movie» () сөзінің анаграммасы болып табыладыДенни Ален (8/21/07) "Вимео видео-тарату сервисінің ревьюі" . PC World.
Танымалдығы 2011-жылдың желтоқсан айында Vimeo сайтына 65 миллион адам кіргенSean Ludwig. "Vimeo begins rolling out silky smooth redesign with huge videos". Venture Beat. Vimeo-ның трафигінің 50 % мобильді девайстарға тиесіліSean Ludwig. "Vimeo shows slick new video apps for Android, Windows Phone, IPhone, IPad". Venture Beat.
Бейне сапасы 2007-жылдың қазан айынын бастап Vimeo HD сапасындағы видео қолдануға мүмкіндік беріп, алғашқы болып HD сапасындағы видеоларды таратуға мүмкіндік бердіLauria, Peter. New YorkP ost (16 қазан, 2007) "Video-Sharing Web Site Goes High-Def".
Қауымдастық Vimeo сайтының инди-фильмдер режиссёрлары мен киносүйерлерден құралған үлкен қауымдастығы бар"The best indie filmmakers". Vimeo. Vimeo сайтының қолданушылары «vimeans» деп аталады.
Тағы қараңыз YouTube Интернет
Дереккөздер