Алдын-ала қамау – қылмыстық процесте: қамауға алу (тұтқындау) түрінде бұлтартпау шарасын қолдану арқылы айыпталушыны (сезіктіні) немесе сотталушыны уақытша бас бостандығынан айыру. Алдын-ала қамаудың мерзімдері, тәртібі мен шарттары қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген. Сот оны жазаны өтеу мерзіміне қоса есептейді.Қазақ энциклопедиясы Айыпталушыны (сезіктіні) тұтқындау шарасы тек прокурордың санкциясымен, не соттың шешімі бойынша қолданылады; тұтқындау мерзімі 12 айдан аспауға тиіс, бұлтартау шарасын алып тастау немесе өзгерту тек прокурордың келісімімен ғана жүзеге асырылады.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
Дереккөздер
Санат:Құқық Санат:Заң