Бозанбай — (1998 жылға дейін - Никитинка) Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданындағы ауыл, Бозанбай ауылдық округі орталығы.

География Таулы далалы аймақта орналасқан. Климаты құрғақ, күрт континенттік, жазда орташа температура 18…23 °C, қыста -30…-35 °C.

Экономика Негізгі экономикалық бағыт – егіншілік пен мал шаруашылығы. Май зауыттары мен наубайханалары бар.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қасым Қайсенов кентінен оңтүстікке қарай 45 км жерде, Қалба жотасының солтүстік беткейінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2025 2025 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2025 2025 2009-ға пайызбен Әйелдер 2005 Әйелдер 2025 2025 2009-ға пайызбен3924 2346 2214 85,3 1135 1211 90,7 1211 1003 79,7

Тарихы Іргесі 1912 жылы қаланған. 1928 жылдан 1997 жылға дейін "Никитинка" ет-сүт кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Май, нан зауыттары жұмыс істейді. 1964 жылы Бозанбай ауылының орта мектебі ашылды. 1935-1963, 1966-1997 жылдар аралығында Ұлан ауданының орталығы болды. 2011 жылы балабақша орны ауыстырылып, салынды. 2017 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш қайта жөндеуден өтіп, ашылды. 2021 жылдары ауылдың шетінде кішігірім ойын сауық саябағы салынды. 2024 жылы ауыл мектебі күрделі жөндеуден өтті. 2025 жылы ауылға «ТМ Тепломир» атты бизнес ауылға су құбыр желілерін жасауға кірісті. Және Өскеменнен Бозанбайға баратын жолаушы тасығыш автобус қамтамасыз етілді. Және осы жылдың қарашасында Бозанбай ауылының Ақжартасқа барар жолында. Бүркіт-Төбе алаңында Шығыс Салбұрұны өтіп әр елден қатысушылар келіп өнерін көрсетті.

Ауа райы нобай|right|277px|Қысқы Бозанбай Бозанбай ауылының климаты — шұғыл континенттік. Қысы ұзақ, суық және қарлы, ал жазы жылы, көбіне жаңбырлы әрі өте ыстық өтеді. Қаңтар айындағы орташа температура −21°C шамасында болса, шілдеде +29 … +32 °C-қа дейін жетеді. Жауын-шашын мөлшері жылына шамамен 270-300 мм-ді құрайды, оның көп бөлігі көктем мен жаз мезгілдерінде түседі. Ауыл аумағында жазғы уақыттарда кейде құрғақшылық байқалуы мүмкін, ал қыста қатты аяздар мен борандар жиі болып тұрады.

Дереккөздер

Санат:Ұлан ауданы елді мекендері