thumb|right|200px| Виссарион Григорьевич Белинский (11.6.1811, қазіргі Финляндия, Свеаборг қаласы — 7.6.1848, Санкт-Петербург) — орыс әдебиетшісі.
Мәскеу университетінде оқыған (1829 — 32).
“Телескоп” (1833), оның қосымшасы "Молва” (1836), “Московский наблюдатель” (1838), “Отечественные записки” (1839) журналдарында қызмет істеген. Студент кезінде “Дмитрий Калинин” драмасын жазған (1830).
1831 ж. “Листок” журналында Белинскийдің “Орыс оқиғасы” деген өлеңі мен А.С. Пушкиннің “Борис Годуновына” рецензиясы жарияланады. 1833 ж. “Телескопта” француз журналдарынан аудармалары шығады. 1833 ж. Н.В. Станюкевичтің үйірмесіне қатысып, Кант, Фихте, Шеллингтің философия жүйелерін зерттей бастайды, кейіннен М.А. Бакунинмен танысып, ол екеуі бірігіп Гегельді зерттейді. 1834 ж. Белинскийдің тұңғыш көлемді мақаласы “Әдеби қиялдар” жарық көреді. Осы мақаласынан бастап әдебиет сыншысы ретінде таныла бастады.
Белиский В. — В.Г. Гоголь, М.Ю. Лермонтов, И.А. Гончаров, И.С. Тургенев, Ф.М. Достоевский, А.И. Герценнің, т.б. шығармаларының көркемдік, эстететикалық қуатын алғашқы болып таныды. А.С. Пушкиннің шығармаларын жан-жақты талдап, орыс әдебиетіндегі орнын айқындап берді. Оның негізгі шығармалары қазақ тіліне аударылған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:11 мамырда туғандар Санат:1811 жылы туғандар Санат:Финляндияда туғандар Санат:7 маусымда қайтыс болғандар Санат:1848 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Ресей жазушылары