Қарғалы (2007 жылға дейін — Фабричный)Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауын өзгерту туралы — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Қарғалы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде, Ұзынқарғалы өзенінің бойында, Іле Алатауының баурайында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1750120114 30999 154,1 9739 15365 157,8 10375 15634 150,7
Тарихы Іргесі 1909 жылы шұға фабрикасын салуға байланысты қаланған. Алғашында "Қарғалы", 1937 жылдан "Фабричный" деп аталды, 2007 жылы алғашқы атауы қайтарылды. Фабрикамен бірге 1910 жылы аурухана, 1917 жылы мектеп және ағаш құбырлы сумен қамтамасыз ету жүйесі бар жеке су электр станциясы салынды.
Революциядан кейін фабрика ұлттандырылды. Азамат соғысы жылдарында шикізат пен мамандар тапшылығына байланысты өндіріс іс жүзінде тоқтап, техниканы тонаудан қорғауға күш салынды.Қазақстандағы ең көне зауыт. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ауылға майдан аймақтарынан көшірілген Сумы және Псков тоқыма фабрикаларынан құрал-жабдықтар мен білікті мамандар жеткізілді. Техникалық және кадрлық ресурстардың бұл айтарлықтай артуы, ең алдымен, соғыс аймақтарынан көшірілген тұрғындардың есебінен зауыттың да, ауылдың да өсуіне әкелді. Ауылда зауыттан бөлек ағаш кесетін, шағын кірпіш зауыты да болған.
Қарғалы шұға комбинаты — Қазақстандағы алғашқы тоқыма кәсіпорындарының бірі. Кеңес кезеңінде Фабричный ауылы ірі тоқыма орталығына айналып, кәсіпорын КСРО-ның көптеген аймақтарын өніммен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, ауыл маңындағы табиғи ландшафттар Шәкен Айманов пен Абдолла Қарсақбаев сынды қазақ киносы классиктерінің фильмдерін түсіруге негіз болды.Шағын ауылдағы ұлы суретші.
Өндіріс орындары Өндіріс орындарынан “Қарғалы” АҚ (шұға комбинат), асфальт зауытты, сувенирлер шығаратын цех, тұрмыстық комбинат бөлімшесі, бірнеше ӨК, шаруа қожалықтары, т.б. жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Кентте 6 орта мектеп және 1 өнер мектебі, шет тілдерін оқытатын ортасы, балабақша, кинотеатр, клуб, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, емхана, фелдьшер-акушерлік пункт, дәріхана, т.б. бар. Фабричныйда 1886 жылы салынған облыстағы ескі мешіттің бірі сақталған. Жақын темір жолы стансасы - Жібек жолы (32 км)Қазақ энциклопедиясы, 9 том. нобай|1886 жылғы тұрғызылған мешіттің мемориалдық жазуы.
Транспорт Алматыдан Қарғалыға дейін 236 автобуспен немесе Төле би - Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысынан жеке таксимен жетуге болады.
Галерея
Белгілі тұлғалар
Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев (1951) қазақстандық және ресейлік ғарышкер, қазақстандық мемлекет қайраткері. Әсет Көпбайұлы Бейсеуов (1938-1996) кеңестік және қазақстандық композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991).
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері