Модалдылық (лат modus – өлшем, тәсіл) – философия мен логикада объектілердің (пікірдің субъектісі мен объектісі) арасындағы байланыстың сипаты. Пікірлерді модалдығына қарай бөлуді алғаш Аристотель енгізген. Кант пікірлерді модальдылық бойынша ассерторика (шындық пікірлері), аподиктика (қажеттілік пікірлері) және проблематика (мүмкіндік пікірлері) деп ажыратқан. Қазіргі модалды логикада модалдылық бір жағынан, алетика (лебіздерге немесе предикаттарға қатынасында) және деонтика (іс-әрекеттерді білдіретін сөздерге қатынасында), екінші жағынан, абсолютті (шартсыз) және салыстырмалы (шартты) болып бөлінеді. Қазіргі логикалық семантикада модалдылыққа “рас” және “жалған”, сондай-ақ “дәлелденеді” және “дәлелденбейді”, “терістеледі” деген ұғымдар да жатқызылады.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын-Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3

модалдылық категориясы әр түрлі лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. модалдылықтың тілдегі көріністерін айқындайтын тәсілдерге рай, жақ, шақ түрлері, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі, кейбір шылау, модаль сөздер, демеуліктер, сөйлем типтері, интонация жатады. Модалдылық категориясы объективтік және субъективтік деп бөлінеді.

Объективті модалдылық сөйлемде предикативтілікпен өте тығыз бірлікте көрініп, сөйлем мазмұнының шындыққа (реальды-ирреальды) қатысын сөйлеуші тарапынан жүзеге асырады. Сөйлеуші өз сөзін объективтік шындыққа көзқарасы негізінде құрайды. Модалдылық категориясы мен предикативтілік тығыз байланысты болғанымен, олардың өздеріне тән өзгешеліктері бар. Предикативтілік сөйлемнің мағыналық топтарға бөлінуіне әсер етпейді, ал модалдылық - сөйлемнің типтік жағынан түрленуіне әсер ететін құбылыс. Объективтік модалдылықты білдіретін тәсілдердің бірі — етістіктің рай категориясы. Рай категориясы синтетикалық және аналитикалық формалар арқылы беріледі (барғайсың, барсам екен, барғым келеді).

модалдылық пен рай категориясы өзара байланысты болумен бірге өзіндік ерекшеліктері бар дербес категориялар деп танылады. Сөйлемнің модалдығы мен райдың модальдығы бір емес. Сөйлемнің модалдылық айтылған пікірдің барлық жағына қатысты болса, райдың модалдылығы етістік баяндауышқа қатысты болады да, сөйлемнің модалды болуына әсер етеді. Рай, шақ және жақ формалары тығыз бірлікте келеді. Сөйлемнің мазмұны барлық уақытта жаққа қатысты іс-әрекетті шаққа байланысты көрсеткенде ғана ол объективтік шындыққа сай ретінде керінеді. Субъективті модалдылық сөйлеушінің сөйлем мазмұнына әр түрлі жеке көзқарасын білдіреді. Субъективті модалдылық жасайтын тәсілдерге демеуліктер, модаль сөздер жатады.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Сілтемелер Философия Логика Аристотель

Дереккөздер

Санат:Философиялық терминдер Санат:Логика