Ізтай Тілеуұлы Мәмбетов (1.1.1929 жыл, Ақтөбе облысы Алға ауданы Табантал ауылы — 1974 жыл, Алматы) — ақын, журналист, аудармашы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1953). 1952 — 1956 жылдары “Жұлдыз” журналында “Қазақ әдебиеті” газетінде әдеби қызметкер 1957 — 1969 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында бөлім меңгерушісі Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясында Ақтөбе облыстық газетінде қызмет істеген.
Шығармалары “Тұңғыш” атты алғашқы өлеңдер жинағы 1955 жылы жарық көрді. Мәмбетовті лирик ақын ретінде жұртшылыққа танытқан “Табантал” (1961) “Аз-ақ жол” (1966) “Сал Сары” (1970) “Тарланбоз” (1973) “Жылан жал” (1974) “Ақпан” (таңдамалы, 1983) атты жинақтары.
Мәмбетов шығармаларының негізгі тақырыбы — туған жер, достық, махаббат, азаматтық. Ақын аудармашылықпен де айналысқан. Лирик ақынның “Қаракөз” “Мен туыппын ақпандатқан боранда” атты өлеңдеріне ән шығарылған. “Жыр Жәмила” “Пушкин мен Әміржан” “Пугачев нөкері” атты поэмалары тақырып аясының кеңдігімен, көркемдігімен бағаланады.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1929 жылы туғандар Санат:Алға ауданында туғандар Санат:1974 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары