Аққағаз Мәдиқызы Мәмбетова (1.1.1923 жыл, Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Орда ауылы — 13.1.2004 жыл, Алматы) — актриса, Қазақ мемлекетті жастар мен балалар театрының негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген артисті (1966), Қазақстан білім беру ісінің озық қызметкері (1970).

1945 жылы Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтының актерлік факультетін (проф. Б.А. Бабочкиннің жетекшілігімен) бітірген. 1946 — 1990 ж. Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры (қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялык жастар мен балалар театры) құрамында еңбек етті. Мәмбетова театр сахнасында жас балалар мен қыздар рөлін шебер орындаушы талант иесі ретінде танылды. Ол қазақ және орыс театры қойған спектакльдерге бірдей қатысып, Буратино (А.Н. Толстой, “Алтын кілт”, 1948 ж. театр шымылдығын ашқан қойылым), Қызыл телпекті қыз, қарақшы (Е.Л. Шварц, “Қызыл телпекті қыз”, “Қарлы ханым”) Жеңісбек (Б.Жәкиев, “Әке тағдыры”), Бақыт (С.Жүнісов, “Жаралы гүлдер”), Тілектес (Қ.Сатыбалдин, “Аягөз аруы”), тағыда басқа алуан түрлі рөлдерді ойнады. Олардың бірқатары Мәмбетоваға арнап жазылған. Сонымен қатар Қазақ радиосындағы “Кел, балалар ойнайық”, “Жұмбақбай атайдың ертегісі” хабарларының тұрақты жүргізушісі болды. “Құрмет белгісі” орденімен (1986), медальдармен марапатталған.Қазақ ЭнциклопедиясыҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1923 жылы туғандар Санат:Бөкей ордасы ауданында туғандар Санат:13 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:2004 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан актрисалары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері