Бутафория () — театрда спектакльге қажетті заттық нәрселер мен жасау-жиһаздардың орнына пайдаланатын арнайы жасалған жасанды бұйымдар (мүсін, жиһаз, ыдыс-аяқ, әшекей, қару, т.б.). Олардың сыртқы түрі өзі орнына жүретін затқа мейлінше ұқсас және қолдануға қолайлы, берік әрі арзан болу керек. Бутафориялық бұйымдарды жасағанда көрерменнің көзіне ілінбейтін ұсақ-түйек бөлшегіне дейін көшіру шарт емес. Театрдың Бутафорияны дайындайтын арнаулы қызметкерін бутафор деп атайды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Театр терминологиясы