Василий Владимирович Быков, (19.6. 1924 жылы туған, Беларусь Республикасы, Витебск облысы Ушачи ауданы Череновщина деревнясы) — беларусь халық жазушысы (1980). Социалистік Еңбек Ері (1984).
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Быковтың шығармашылық негізінен соғыс тақырыбына арналған. “Адамның өлімі” (1967), “Жиырмасыншы” (1958), “Тырналар үні” (1960), “Үшінші ракета” (1962), “Өлгендер ауырсынбайды” (1966), “Сотников” (1970), “Қайғының белгісі” (1982), т.б. шығармалары жарық көрген. Отан қорғау, жауынгер тағдыры, батырлық және соғыс азабы Быковтың шығармаларының негізгі арқауын құрайды. “Альпі балладасы” (1964) атты повесінде соғыс жылдарындағы екі жастың махаббатын астастыра суреттеп, трагизмі үндескен ерекше поэтикалық шешім табады. Быковтың соңғы жылдары “Катюша” (1999), “Политрук Коломиев” (1999) атты шығармалары жарық көрген.
КСРО Мемлекет сыйлығы (1973), Лениндік сыйлығы (1986), Халықаралық Әдебиет қоры сыйлық лауреаты (1997).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:19 маусымда туғандар Санат:1924 жылы туғандар Санат:Ушачи ауданында туғандар Санат:Беларусь халық жазушылары Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:Халықаралық Әдебиет қоры сыйлығының иегерлері Санат:Беларусь жазушылары