Хорезм Халық Кеңес Республикасы, қысқаша Хорезм ХСР немесе ХХСР – Орта Азияда орналасқан Кеңестік республика. Антифеодалдық халықтық-демократиялық революцияның жеңісі нәтижесінде 1920 жылы ақпанда Хиуа хандығы территориясында құрылды. Астанасы – Хиуа қаласы.

Мемлекет болып қалыптасуы Халық өкілдері Кеңестерінің 1920 жылдың 26 сәуірінде Бүкіл хиуалық 1-съезде Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы құрылғанын жариялады, ал 30 сәуірде республиканың алғашқы конституциясы қабылданды. Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы пролетариалистік диктатурасы мемлекеті емес, шаруа-кеңес республикасы болды. Оның әлеуметтік негізі еңбекші шаруалардан тұрды. Ол өзінің жоғарғы үкімет органы, заңы, сот жүйесі, әскері, елтаңбасы мен жалауы бар тәуелсіз суверенді мемлекет болды. Еңбек және Қызыл Ту ордені белгіленді.

Саясаты Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы елдегі феодалдық-патриархалдық қатынасты жоюға, сөйтіп социалистік құрылысқа өту үшін саяси және экономикалық жағдай жасауға күш салды. Кеңес үкіметін нығайту процесі байлардың, феодалдардың, дін иелерінің қарсылығы жағдайында жүргізді. РКФСР-дің көмегіне сүйенген Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы ірі жер иеленушілікті жойып, өнеркәсіпті өркендетті. Қоғамдық ұйымдар (комсомол, кәсіподақ, кооперация, қосшы одағы) нығайды. 1922 жылдың басында Хорезм коммунистік партиясы РК(б)П құрамына алынды. 1923 жылы Орта Азияның үш республикасын – Түркіменстанды, Бұхарды және Хорезмді экономикалық жағынан біріктіріп, Орта Азиялық экономикалық кеңес құрудың зор маңызы болды. Кеңестердің Бүкіл хорезмдік 1923 жылдың 17 желтоқсан – 20 желтоқсан аралығында өткен 4-құрылтайы Хорезмді социалистік республика етіп қайта құру жөнінде шешім қабылдады. Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы 3 автономиялық облысқа – Өзбек, Түрікмен, Қырғыз-қарақалпақ – бөлінді.

Құлдырауы Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттік жағынан межеленіп бөлінуі барысында хорезм халқы жаңадан ұйымдасқан Өзбек КСР-нің, Түрікмен КСР-нің және Қарақалпақ АО-ның құрамына енді де, Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы тарап кетті. Қазақ совет энцеклопедиясы. 6 том. Великий Октябрь и победа народной революции в хорезме, ташкент, 1971; Саматова Х. С., Образование Хорезмской и Бухарской народных советских республик.

Дереккөздер

Санат:КСРО Санат:Өзбекстан тарихы Санат:Түрікменстан тарихы Санат:Тарихи мемлекеттер