Бірнегізді қышқылдар — құрамында металл атомдарына ауыса алатын бір сутек атомы бар қышқылдар (мысалы, НСl, НВr, НJ, НF, Н[АuCl4], HNO3, HClO3, HMnO4, CH3COOH және т.б.). Қышқыл молекуласының құрамындағы cутек атомдарының саны мен оның негіздігі әрқашан сәйкес келе бермейді. Мысалы, этан (сірке) қышқылының (СН3—СООН) құрамында төрт сутек атомы болатынына қарамастан, бір сутек атомы ғана қышқылдық реакцияға қатысады. Қышқылдың күшіне қарай Б. қ. күшті және әлсіз қышқылдар болып бөлінеді. Күшті қышқылдар қатарына тұз қышқылы (НСl), азот қышқылы (НNО3), йодты сутек қышқылы (НJ), хлор қышқылы (НClO4), т.б. қышқылдар жатады. Әлсіз қышқылдар қатарына — цианды сутек қышқылы (НСN), этан қышқылы (СН3—СOOН), т.б. органик. қышқылдар жатады. Құрамына қарай Б. қ. (жалпы қышқылдар сияқты) оттекті (оксоқышқылдар) және оттексіз болып бөлінеді. Көптеген оттекті қышқылдар күшті тотықтырғыштар. Мысалы, азот қышқылы (НNO3), маргaнец қышқылы (НМnО4). Кейбір бірнегізді оттекті қышқылдар тек сулы ерітінділерде ғана болады, оларды жеке бөліп алу қиын. Оттексіз қышқылдарда сутек атомдары қышқыл түзетін элемент атомдарымен тікелей байланысқан. Көптеген кешенді қышқылдардың қатарында бір негізді қышқылдар (мысалы, Н[АuСl4] бар. Б. қ-дың ішінде азот және тұз қышқылдары көп қолданылады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II томБірнегізді қышқылдар құрамына ұшқыш қышқылдарда кіреді Мысалы:бромды сутек(HBr↑),йодты сутек қышқылы(HI↑),хлорлы сутек(HCl↑).
Дереккөздер
Санат:Химия