Вандалдар — шығыс германдық тайпалар тобы.
Алдымен Скандинавия түбегінде тұрды. Б.з.б. 2 — 1 ғ-ларға дейін Балтық теңізінің оңтүстік жағалауына, 3 ғ-ға дейін Дунайға, 335 ж. Паннонияға қоныс аударды. 5 ғ-дың басында аландармен бірге Батысқа жылжып, Галлияны талқандап, 409 ж. Испанияға қоныстанды. 429 — 439 ж. В. Рим провинциясы Африканы (439 ж. Карфагенді) жаулап алып, өз корольдігін құрды. Жерорта теңізінің батысындағы аралдар мен жағалауларға бірнеше рет шабуыл жасады (455 ж. Римді тонады). 533 — 34 ж. В. корольдігін Византия басып алды да, В. жергілікті халықтардың арасына сіңісіп кетті.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
right|250px|thumb|Вельбар мәдениетінің қара теңізге миграция алдындағы эволюциясы.
450px|thumb|409—429 жылдардағы све, аландар мен вандалдардың Испаниядағы қоныстары.
Дереккөздер
Санат:Жойылып кеткен халықтар Санат:Герман тайпалары Санат:Испания тарихы Санат:Польша тарихы Санат:Вандалдар тарихы