Италия ( , ресми атауы — Италия Республикасы ()) — Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,3 мың км2. Халқы – 59 млнhttps://www.worldometers.info/world-population/italy-population/#google_vignette адам. Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италиян тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (2015 жылдан Серджио Маттарелла). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – бұрын лира болды, қазіргі кезде - еуро.Еуро банкноттары мен монеталары Италияда 2002 жылдың 1 қаңтарында енгізілді, бұл үш жылдық өтпелі кезеңнен кейін жүзеге асты. Ол кезде еуро ресми валюта болып табылғанымен, бірақ тек «кітап ақшасы» ретінде қолданылды. Қос валюта айналым кезеңі — мұнда Италия лирасы мен еуро заңды төлем құралы ретінде қатар қолданылуы — 2002 жылдың 28 ақпанында аяқталды.https://economy-finance.ec.europa.eu/euro/eu-countries-and-euro/italy-and-euro_en#:~:text=The%20euro%20banknotes%20and%20coins,ended%20on%2028%20February%202002.

Италия солтүстік батыста Франция (488 км), солтүстікте Швейцария (740км) және Австрия (430 км), солтүстік шығыста Словениямен (232 км) шектеседі.

Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946).

Италия атауы Италия атауының қайдан шыққаны белгісіз және оның этимологиясына қатысты бірнеше гипотезалар барAlberto Manco, Italia. Disegno storico-linguistico, 2009, Napoli, L'Orientale, ISBN 978-8-8950-4462-0. Бір теория бойынша, ол ежелгі грек тіліндегі Italói деген терминнен шыққан, бұл термин қазіргі Калабрия аймағында орналасқан Italói деген тайпасының жерін білдірген. Алғашында бұл тайпаның атауы Vituli деп ойланған, кейбір ғалымдар олардың тотемдік жануары өгіз (латынша: vitulus; умбрия тілінде: vitlo; оскан тілінде: Víteliú) болуы мүмкін деп болжайдыJ.P. Mallory and D.Q. Adams, Encyclopedia of Indo-European Culture (London: Fitzroy and Dearborn, 1997), 24.. Кейбір ежелгі авторлар бұл атауды жергілікті билеуші Italus есімімен байланыстырадыDionysius of Halicarnassus, Roman Antiquities, 1.35 Archived 15 December 2022 at the Wayback Machine, on LacusCurtius; Aristotle, Politics, 7.1329b Archived 10 September 2015 at the Wayback Machine, on Perseus; Thucydides, The Peloponnesian War, 6.2.4 Archived 24 September 2015 at the Wayback Machine, on Perseus.

«Италия» атауы алғаш рет Антиоха Сиракузалықтың шығармаларында кездеседі (б.з.д. V ғасыр), оның еңбектерінің арасында «Италия тарихы» атты еңбегі де болған. Бірақ осы еңбегінде «Италия» топонимі тек елдің оңтүстік бөлігін, қазіргі Калабрияның бір бөлігін — Реджо-ди-Калабрия провинциясы және Катандзаро мен Вибо-Валентия провинцияларының бір бөлігін білдіреді.History of Calabria - Passion For Italy. Passionforitaly.info. Дата обращения: 25 августа 2015. Архивировано 4 марта 2016 года.The Origins of the Name 'Italy'. Arcaini.com. Дата обращения: 25 августа 2015. Архивировано из оригинала 23 сентября 2015 года. Ежелгі авторлардың айтуынша, «Италия» және «Энотрия» атаулары б.з.д. V ғасырда синонимдер болып қолданылған, бұл атау сондай-ақ Луканияның үлкен бөлігін де қамтыған. Б.з.д. I ғасырда «Italia» атауы бар монеталар көптеген италиялық халықтар (сабиндер, самниттер, умбриандар және т.б.) тарапынан соғылған.Guillotining, M., History of Earliest Italy, trans. Ryle, M & Soper, K. in Jerome Lectures, Seventeenth Series, p.50

Италияға арналған ежелгі грек термині бастапқыда тек Бруттиум түбегінің оңтүстігіне және Катанзаро мен Вибо Валентина бөліктеріне қатысты болған. Уақыт өте келе, Энотрия мен «Италия» деген үлкен ұғым синонимге айналды және бұл атау Луканияның көп бөлігін де қамтыды. Рим республикасының кеңеюіне дейін гректер бұл атауды Мессина бұғазы мен Салерно мен Таранто шығанақтарын қосатын сызық арасындағы жерді, қазіргі Калабрияны білдіру үшін қолданған. Кейін гректер «Италия» атауын кеңірек аймаққа да қолдана бастады.Pallottino, M., History of Earliest Italy, trans. Ryle, M & Soper, K. in Jerome Lectures, Seventeenth Series, p. 50 Оңтүстіктегі «грек Италиясынан» басқа, тарихшылар «Этрусск Италиясы» деген аймақтың бар екенін де ұсынған, бұл аймақ Орталық Италияның бір бөліктерін қамтыған.Giovanni Brizzi, Roma. Potere e identità: dalle origini alla nascita dell'impero cristiano, Bologna, Patron, 2012 p. 94

Рим Италиясының шекаралары жақсы анықталған. Катонның Origines еңбегінде Италия бүкіл Альпі тауынан оңтүстіктегі жарты арал ретінде сипатталған.Filippo Carlà-Uhink. The "Birth" of Italy: The Institutionalization of Italy as a Region, 3rd-1st Century BCE. ISBN 978-3-11-054287-5 Б.з.д. 264 жылы Рим Италиясы Арно және Рубикон өзендерінің орталық-солтүстік бөлігінен бастап, бүкіл оңтүстікті қамтыған. Солтүстік аймақ, Цизальпиндік Галлия, географиялық тұрғыдан Италияның бөлігі болып саналғанымен, Рим оны б.з.д. 220 жылдары басып алғанымен, саяси тұрғыдан бөлек болғанWilliams, J. H. C. (22 May 2020). Beyond the Rubicon: Romans and Gauls in Republican Italy – J. H. C. Williams – Google Books. Б.з.д 42 жылы ол заңды түрде Италияның әкімшілік бірлігіне қосылды. Сардиния, Корсика, Сицилия және Мальта 292 жылы Диоклетианның тұсында Италияға қосылды, бұл уақытта сол кездегі Италия қазіргі Италияның географиялық аумағына сәйкес келді."La riorganizzazione amministrativa dell'Italia. Costantino, Roma, il Senato e gli equilibri dell'Italia romana" (in Italian). Archived from the original on 19 November 2021. Retrieved 19 November 2021.

Ұлы итальяндық ақын Данте XIV ғасырда географиялық және тарихи тұрғыдан «Италия» деп аталатын аймақтың шекаралары солтүстікте Альпімен анықталып (Монте-Карло маңындағы Варе өзенінен бастап, Истриядағы Арса өзеніне дейін), ал оңтүстікте — Сицилия мен оған жақын аралдармен шектеседі деп жазған.

Бірнеше ғасырлық бөлшектенуден кейін, Рисорджименто дәуірінде «Италия» деп аталатын біртұтас мемлекеттің қалыптасуы аяқталды. 1861 жылы Италия Корольдігі (итал. Regno d'Italia) жарияланды, ол 1946 жылға дейін өмір сүрді. 1946 жылғы конституциялық референдумда халықтың көпшілігі республикалық басқару түріне көшу үшін дауыс берді. Қазіргі ел атауы — Италия (итал. Italia), немесе Итальян Республикасы (итал. Repubblica Italiana) — 1947 жылғы Конституцияда бекітілген.https://www.senato.it/documenti/repository/istituzione/costituzione_inglese.pdf

Табиғаты Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 м) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында. Климаты, негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 – 22°С-тан (солтүстікте) 28°С-қа дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0°С-тан (солтүстікте) 12°С-қа (оңтүстікте) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста –15 – 20°С аяз болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-ге (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін. Елдің басты өзені – По (ұзындығы 652 км) (Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м-ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.

Тарихы Ежелгі Рим Ежелгі дәуірде Италия территориясында Рим мемлекеті салтанат құрды. 4 – 5 ғасырларда Рим империясына көршілес герман, ғұн, авар тайпалары күйрете соққы берді. 476 жылы Батыс Рим империясы құлап, орнына Одоакр корольдігі (476 – 493) құрылды.

Орта ғасырлар

488 жылы Солтүстік Италияға остготтар басып кіріп, өз корольдіктерін (493 – 544) құрды. 554 жылы Италияның көпшілік бөлігін Византия империясы басып алды. 754 – 756 жылы франктер Апеннин түбегіне жорық жасап, елдің орталық бөлігін бөліп алды және ол жерді Рим папасына тарту етті. Бұл қасиетті Папа мемлекетінің (Папа облысы) құрылуының бастамасы болды. 774 жылы елді толығымен Ұлы Карл жаулап алды. Франктер империясының ыдырау нәтижесінде 781 жылы Италия корольдігі құрылды. Герман королі Оттон Корольдігінің басқыншылық жорықтары (951 және 961 – 962) нәтижесінде корольдік 962 жылы Қасиетті Рим империясының құрамына қосылды. Ақсүйектер арасындағы өзара қырқысулар, арабтар мен венгрлердің шапқыншылықтары халықтың тұрмысын күрт нашарлатып жіберді. Италияның басқа Еуропа елдерінен басты ерекшелігі мұнда қалалар өте көп болды және қолөнер мен сауда-саттық үнемі қызу жүріп жатты. 10 ғасырдан бастап қалалардың сеньорлармен (герцог, граф, епископ) күресі нәтижесінде коммуналар (өзін-өзі басқаратын қалалық қауымдар) құрыла бастады. Коммунадағы билік қала шонжарларының, бай көпестердің қолында болды. Бірте-бірте елдің аса ірі портты қалалары (Генуя, Венеция, т.б.) Батыс пен Шығыс арасындағы басты сауда орталықтарына айналды. 1154 – 1176 жылы герман императоры Фридрих Барбаросса Италия қалаларын бағындыру үшін елге 5 рет жорық жасады. Дегенмен Констанц бітімі (1183) бойынша, Италия қалалары өз тәуелсіздіктерін сақтап қалды. Германдарға қарсы күрес елде ұлттың сана-сезімінің оянуына ықпал етіп, бірте-бірте италия ұлты мен италия әдеби тілі қалыптаса бастады. 11 ғасырда Оңтүстік Италиямен Сицилияны нормандар басып алып, ]]Сицилия]] корольдігін құрды. 1282 жылы халық көтерілісі Сицилия корольдігінің құлауына алып келді. 13 ғасырдың аяғы мен 14 ғасырдың басында Сицилияны, 15 ғасырдың орта шенінде Оңтүстік ]]Италия]]ны басып алған Арагон корольдігі бірте-бірте бүкіл Оңтүстік Италияға испан үстемдігін орнатты. 13 ғасырда Орталық және Солтүстік Италиядағы алдыңғы қатарлы қалалар мен мемлекеттерде нарықтық қатынастар тез дами бастады. Оларда банк ісі (Сиена, Флоренция), шығыс елдерімен сауда (Генуя, Венеция), шұға тоқу (Болонья, Сиена, Флоренция, Милан) кең өріс алды. Дүние жүзінде тұңғыш рет Италияда 14 ғасырда шұға шеберханалары негізінде мануфактуралар пайда болды. Осы кезде Италия мәдениетінің Қайта өрлеу дәуірі басталды (14 – 16 ғасырлар).

Испандық өктемдiлiк және Франция ықпалының өсуі Елдегі саяси бытыраңқылық, сауда жолдарының Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысуы 16 ғасырда өнеркәсіп пен сауданың құлдырауына алып келді. Елдің бытыраңқылығын пайдаланған Франция мен Испания Италия жері үшін өзара соғыстар жүргізді (1494 – 1559). Нәтижесінде Сицилияны, Сардинияны, Милан герцогтығын, Оңтүстік Италиядағы мемлекеттерді (Венеция, Папа облысы, Совоя герцогтығынан басқаларын) Испания басып алды.