нобай|Церуссит thumb|right|100px|Церуссит Церуссит (лат. cerussa — бояу), қорғасынның ақ кентасы — карбонаттар класына жататын минерал. Химикалық қасиеттер Химиялық формуласы: Pb[CO3], құрамы (%): PbO — 83,5%, CO2 — 16,6%, қоспалары: Sr, Zn, Ca, Ag, Fe."Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Физикалық қасиеттер Ромбылық сингонияда кристалданады. Жеке кристалдары бипирамида, баған, қалақ ине, пластинка, ал минералдық агрегаттары түйірлі, талшықты, тұтас масса түрінде кездеседі. Түссіз, сарғылт, қоңырқай, сұрғылт реңді, ақ, қара, жасыл, көк болады. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 3 — 3,5, морт сынғыш, тығызд. 6 — 6,4 г/см3, катод сәулелері түскенде жасыл, көгілдір жарық шығарады. Қорғасын-мырыш кендерінің тотығу белдемінде галенит есебінен түзіліп смитсонит, англезит, лимонит, азурит, малахитКристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69, т.б. минералдармен бірге кездеседі. АҚШ, Австралия, Ұлыбританияда және Ресейде (Байқал сырты, Алтай), Қазақстанда (Қаратау, Сарыарқа) қорғасын-мырыш.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология. А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Дереккөздер
Санат:Карбонат минералдар Санат:Қорғасын минералдары