Боян Кркич Перес (, ; 28 тамыз 1990, Линьола, Молеруса, Каталония) — испаниялық футболшы, ұлты серб.
Карьерасы Балалық шағы Оның әкесінің аты да Боян Кркич. Ол кісі Сербияда туған, өз елінде асқан футболшы еді, Белградтың "Црвена Звезда" футбол клубы үшін ойнаған. Кейін Испанияға көшкен, Мария Льюисе Переске үйленген. Ол испандық еді. Мамандығы бойынша - медбике. Бұл Боян Кркичтың анасы.
Боян Кркич тоғыз жасынан бастап маман футболшы ретінде ойнайды. 1999 жылынан бастап, "Барселона" клубының балалар және жасөспірімдер командалары үшін ойнаған. Жалпында 961 гол соғып, клубтың рекордын алды. 2007/2008 жылының ойын маусымының басында ол клубтың ересектер командасының бірінші құрамында ойнайды. Клубтың ең жас және үздік ойнаушы болып, ылғи ойындарда алаңға шығады.
2008 жылы ақпанның 6-сында өткен Испанияның Франсиямен ойынында, Испания құрама командасын бас бапкері - Луис Арагонес Боян Кркичты "Барселона" клубынан шақырып, ойнауға алаңға жіберді. Сөйтіп, 17 жасар Кркич Испанияның құрама командасында алғашқы рет ойнады. Қазір ол Испания футбол тарихында ұлттық құрама командасында ойнаған ең жас ойнаушы болып саналады. Одан бұрын Испанияның ең жас ойнаушы 1936 жылында ұлттық құрама командасында ойнауға бастаған Анхель Субьета еді.
Жетістіктері Испания чемпионы: 2009, 2010, 2011 Чемпиондар Лигасы: 2009, 2011 УЕФА суперкубогы: 2009 Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2009 Испания кубогы: 2009 Испания суперкубогы: 2009, 2010 Нидерланд чемпионы: 2014 Нидерланд суперкубогы: 2013
Дереккөздер
Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары Санат:Майнц 05 ФК ойыншылары Санат:Алавес ФК ойыншылары Санат:Монреаль Импакт ФК ойыншылары Санат:Виссел Кобе ФК ойыншылары