thumb Цех () — 1) өндірістік кәсіпорынның белгілі бір өндірістік өнім немесе шикізат жасалатын (өндірістік цех) не көмекші материалдар дайындалатын, қызмет көрсету операциялары жүргізілетін (көмекші цех) құрылымдық бөлімшесі; белгіленген бір бұйымдарды жасап шығаратын немесе технологиялық үрдісінің белгіленген бір түрімен шұғылданатын өнеркәсіп орынының негізгі өндірістік бөлімшесі.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0 2) орта ғасырларда қалалық қолөнершілердің кәсіптер бойынша біріккен бірлестігі. Ортағасырлық қалалардың қалыптасу кезеңі 11 — 12 ғ-ларда Батыс Еуропада, Францияда, Англияда, Германияда, Италияда дүниеге келіп, 13 — 14 ғ-ларда толық даму кезеңіне жетті."Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Түрлері Көмекші цех () — негізгі өндіріске немесе зауытқа түгелдей технологиялық қызмет ететін цех. Қыздырып қалыптайтын цех () — қыздырылған дайындаманы баспақта немесе тоқпақта қалыптап, соғылма (поковка) өндіретін цех. Құйманың негізгі бөлігі () — құйманың тетік жасайтын бөлімі. Құрал-сайман цехы () — қалып, соққыш, әр түрлі құрал жасайтын цех. Ұсталық цех () - тоқпақта соғып, соғылма жасайтын цех. Ұсталық-баспақ цех () — гидравликалық баспақта соғып, соғылма жасайтын цех. Ұсталық-қалыптау цехы () — ыстықтай қалыптайтын қос иінді баспақта жөне көлденең соғу машинасында қалыптап соғылма жасайтын цех.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі. Суықтай қалыптайтын цех () — қаңылтырдан, жолақтан, таспадан тетік жасайтын цех.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0

Дереккөздер

Санат:Өнеркәсіп