Кәді (кабачок) — асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік.

Гүлі дара жынысты, сары, қабығы қатты, бір үйлі. Жемісі сопақша, жұмыр. Кәді құнарлы топырақты, суармалы жерде жақсы өседі, құрғақшылыққа төзімді. Кәді тез піседі, жемісінен әртүрлі тағамдар дайындайды, оның құрамында қант 2,55%, ақуыз 0,55%, май 0,13% болады. Кәдіні оңтүстік аймақтарда тұқымынан, орта өңір мен солтүстік аймақтарда көшетінен өсіреді. Құнарлы топырақта, суармалы жерде жақсы өседі."Ордабасы": Энциклопедия.- Шымкент:"Ордабасы".2008. Кәді тұқымын топырақтың температурасы 2-15°С-қа жеткенде себеді. Әр гектардан 200-300 центнер өнім алуға болады. Көк күйінде малға беріледі.

Дереккөздер ҚСЭ, 5-том

Санат:Көкөністер Санат:Асқабақтар