Шегелек – Зайсан көлi алабындағы өзен.
Географиялық орны Абай облысының Көкпекті ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 560 км2.
Бастауы Қалба жотасының оңтүстік беткейінен бастау алып, Көкпекті ауылынан 4 км шығыста Көкпекті өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары жоғарғы бөлігінде тар, терең шатқалды, төменде Көкпекті өзені аңғарымен тұтасып кетеді. Арнасы ирелең. Негізінен қар сулары, аздап жаңбыр, жер асты суымен толығады. Сәуір — мамыр айларында тасып, жазда басылады. Суының минералдылығы көктемде 50 — 200 мг/л-ден сабасына түскен кезеңде 200 — 300 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су ағымы Шегелек ауылы тұсында 1,23 м3/с.Қазақ энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Санат:Көкпекті ауданы өзендері Санат:Зайсан су алабы