Ақжар — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Ақжар ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жосалы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км жерде, құмдақ шөлді белдемде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1929-31 жылдары №8 артель ретінде құрылды. 1935 жылы МТС, 1950 жылы «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы ұжымшар, одан кейін «Сталин» ұжымшары болды. 1957 жылы ұжымшар күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығына айналды. 1997 жылы кеңшар негізінде ауылда өндірістік серіктестік құрылды.«Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2436 адам (1309 ер адам және 1127 әйел адам) болса, 2009 жылы 2231 адамды (1197 ер адам және 1034 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, балалар бақшасы, учаскелік аурухана, күріш ақтайтын диірмендер жұмыс істейді .Сонымен қатар ауылдық мешіт салынған. Ауыл толық таза сумен қамтамасыз етілген.

Дереккөздер

Санат:Қармақшы ауданы елді мекендері