Жаңалық — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Жаңалық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 47 км жерде, Басқан өзенінің жағалауында, бұта, ши аралас селеу, боз, жусан теріскен басым өскен сұр, шалғынды сұр топырақты қуаң шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен995900 744 82,7 462 383 82,9 438 361 82,4

Тарихы Іргесі 1962 жылы “Басқан” қой өсіру кеңшарын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жаңалықта шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Тарихи дерек Жаңалық - 20 ғасырдың 30-40 - жылдары сталиндік саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылған адамдар жерленген азалы жер (Алматы қаласынан Іле станциясы арқылы Талдықорғанға қарай өтетін ескі жолдың бойы (қазіргі Жаңалық ауылы орналасқан жер)). 1937-1938 жылдары сталиндік жазықсыз жазалауға ұшырап, НКВД-ның жер асты қапастарында атылған мыңдаған адамдардың мәйіті түн қараңғысында осында тасып жеткізілген. Бұл қорымға жұмысшы, шаруа, малшы, әскерилер мен дін қызметкерлері, жазушылар мен әртістер, дәрігерлер мен ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, тіпті оқушы жастар мен егде тартқан адамдар да жерленген. Олардың арасында қазақ халқының арасынан шыққан саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері бар деп есептеледі. Сондай-ақ, мұнда жерленгендер арасында орыс, еврей, грузин, украин, корей, молдаван, ұйғыр және т.б. ұлттың өкілдері бар. Бұл жерден Ресей мен ТМД-да, Аустрияда, Болгарияда, Кореяда, Польшада, Иранда, Венгрияда, Сирияда, Голландияда, Францияда, Финляндияда, Германияда, Израильде, Қытайда, Түркияда, Чехияда туғандарға да топырақ бұйырған."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы елді мекендері