Солтүстік қазақстан облыстық филармониясы, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік облыстық филармониясы – концерттік мекеме, 1965 жылы құрылды. Петропавл қаласындағы мәдениет сарайының концерттік-эстрада бюросы негізінде ұйымдастырылды. Филармония халық музыкасын, классикалық және осы заманғы музыка өнерін насихаттауға мол үлес қосты. Көп жылдар филармония құрамындағы ұлттық ұжымды М.Иманқұлова басқарды, директоры Э.Горин болды. Филармония құрамында «Қос алқа» атты қазақ эстрадалық ансамблі, музыкалық лекторий және эстрадалық топтар жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан обылыстық филормонияның қарамағында халық аспаптары, джаз, эстрадалық музыка оркестрлері және «Әдемі-ау» ансамблі, жеке әншілер тобы жемісті еңбек етіп келеді.Қазақ энциклопедиясыҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Қазақстан филармониялары