Зонд аралдары (зунд немесе сунд – Ява аралының батысындағы тайпаның атауы) — Малайя (Индонезия) топаралының негізгі бөлігі саналатын бір топ аралдар. Үлкен Зонд аралдары (Суматра, Ява, Калимантан, Целебес) мен Кіші Зонд аралдарына (ірілері Бали аралы, Ломбок, Сумбава, Сумба, Флорес, Тимор) бөлінеді. Соңғысына кейде Тимор мен Жаңа Гвинея арасындағы бір топ аралдарды да кіргізеді.
Ауданы – 1,4 млн. км2-ге жуық. Жер бедері, негізінен, таулы келген. Жанартаулық процестер дамыған. Аралдардың өн бойында ылғалды тропиктік орман, оңтүстік аралдарда муссондық ормандар қалыптасқан. Зонд аралдарында Индонезия, Малайзия, Бруней, Шығыс Тимор елдері орналасқан.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 9 том, 4-том. 1998 ISBN 5-89800-123-9,
Дереккөздер
Санат:Индонезия аралдары Санат:Малайзия аралдары Санат:Бруней географиясы Санат:Үнді мұхиты аралдары Санат:Тынық мұхит аралдары Санат:Малай архипелагы