Шұқырбұлақ — Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Рысқұлов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-дей жерде орналасқан.
Шұқырбұлақ ауылы 1929 жылға дейін Шұқырбұлақ сайының екі жағына орналасқан болатын.«Шұқырбұлақ ауылы туралы», Ана тілі, https://anatili.kazgazeta.kz/news/41177, 2023 Оның Шұқырбұлақ болып аталуы Майлыкент өңірінен басталатын бұлақ әр шұқырдан шығып, үлкен бұлаққа айналып, Арыс өзеніне құяды. Шұқырдың, одан шыққан бұлақтың көптігінен өзен Шұқырбұлақ болып, оның екі жағына орналасқан ауыл «Шұқырбұлақ ауылы» деп аталған.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15701849 1854 100,3 920 962 104,6 929 892 96
Тарихы 1951 жылы құрылған сүт өндіретін ұжымшардың бөлімшесі болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер
Санат:Түлкібас ауданы елді мекендері