Беріктас — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Беріктас ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан батысқа қарай 66 км жерде, Дегерес тауының солтүстік баурайында орналасқан. Бұта аралас көде, бетеге, жусан өскен құрғақ агроклиматтық белдемде жатыр.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен22252231 1760 78,9 1103 898 81,4 1128 862 76,4
Беріктаста шаруа (фермер) қожалықтары, өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Тұрғындары басқа ауылдармен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) елді мекендері