Тұзды бөгені — Ертіс-Қарағанды каналы жүйесіндегі жасанды су айдыны. 1954 жылы Қарағанды облысы Молодёжный ауданына (Осакаров ауданы) қарасты Тұзды кеңшарының жерін суландыру үшін жасалған.
Гидрологиялық сипаты Су айдынының ауданы 5,9 км², көлемі 10 млн. м³, ұзындығы 5,75 км, енді жері 2 км, тереңдігі 4,5 м. Бөгенде мөңке, алабұға, т.б. балықтар бар.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы гидрографиясы