Тұйық - классикалық түркі тілдес поэзияда кездесетін өлең өрнегі.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Арзудың “ромал-и-мусаддас-и максур” дейтін өлшемімен жазылған. Ұйқасы а-а-б-а, кейде а-а-а-а, арагідік а-б-с-б болып келеді. Тұйық түркі тілдес халықтардың фольклорында кездеседі. Тұйық үлгісінде жазылған алғашқы өлең бізге Бурханеддин Сиваси арқылы жеткен. Ә.Науаи 15 ғасырда жазылған “Өлшемдер салмағы” аталатын еңбегінде тұйық жайына тоқталады. Лутфи, Бабыр, Әлішер Науаи өлеңдерінде тұйық үлгісінің көркемдік тұрғыдан жетілгендігі байқалады. Өзбек поэзиясында омонимдік ұйқасы бар және редифі қайталанып келетін төрттармақты өлеңді тұйық дейді.

Қазіргі түркі халықтарында тұйықты түрліше атайды, әзербайжандар баяты, түрікмендер ляля, түріктер мани дейді. Өзбек шайыры Мәулен Мұхаммед Ахли (15 ғасыр) тұйық үлгісімен екі поэма жазған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:Түркілер мәдениеті Санат:Өлеңдер