Ақкөл тұрағы – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген төменгі палеолит дәуіріндегі адамдар тұрағы.
Орналасқан жері Жамбыл облысы Талас ауданы, Ақкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11 км жерде, Ақкөл көлінің оңтүстігінде орналасқан.
Сипаты Тұрақты Алғаш 1961 жылы археолог Х.А. Алпысбаев тапқан. 200 м2 келетін аумақтан тас құралдар жиналды. Олардың көпшілігі өте көне пішінде және қатты бүлінген. Осы жерден: екі жағы өңделген шапқылар, унифастар, балта, пышақ, шақпақ тас т.б. табылды. Ақкөл қонысы тас дәуірінің Ашель мәдениетіне жатады.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Қоныстар Санат:Талас ауданы